23 ақпаннан бастап Cameco Corporation CA13321L1085 (CCJ_KZ) жай акциялары рұқсаттама бастамашысының бастамасымен KASE ресми тізімінен шығарылады
22.02.23 14:40
/KASE, 22.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен
2023 жылдың 23 ақпанынан бастап KASE ресми тізімінен Cameco Corporation
(Канада) CA13321L1085 ("KASE Global" секторы, CCJ_KZ) жай акциялары шығарылды.
Бұл шешім KASE-де көрсетілген акциялардың рұқсаттама бастамашысы болып
табылатын "Фридом Финанс" АҚ-ның ерікті делистинг туралы өтініші негізінде
қабылданды.
Аталған акциялар 2022 жылдың 13 мамырынан бастап KASE ресми тізімінің
"KASE Global" секторына енгізілді. Олармен сауда-саттық 2022 жылдың
19 мамырынан бастап ашылды, 2022 жылдың 13 маусымыннан бастап тоқтатылды.
[2023-02-22]