/KASE, 16.02.23, 03.02.23 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) 2023 жылдың 16 ақпанынан бастап Exxon Mobil Corporation (АҚШ)
US30231G1022 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) жай акцияларымен KASE-
де сауда-саттық қайта басталатыны туралы хабарлайды.
Аталған акциялармен сауда-саттық KASE-де 2023 жылдың 01 ақпанынан
бастап, KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге
асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 14 ақпанына және одан
кейінгі күндерге келетін репо операциялары бойынша, көрсетілген акциялар
бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімнің бекітілуіне байланысты
тоқтатылды.
Осы тақырып бойынша бұдан бұрын KASE 2023 жылдың 01 ақпанында
"01 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Exxon Mobil Corporation
US30231G1022 (XOM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды"
жаңалығы жарияланған болатын –
https://kase.kz/kz/news/show/1496183/
[2023-02-16]