06 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында ConocoPhillips US20825C1045 (COP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
06.02.23 11:10
/KASE, 06.02.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 06 ақпанынан
бастап, KASE олар бойынша орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын
келетін репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың
14 ақпанына және одан кейінгі күндерге келетін, ConocoPhillips (АҚШ)
US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттықтың
тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылғы 14 ақпанда көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу
үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылғы 16 ақпаннан
бастап қайта басталады.
[2023-02-06]