KASE Листингілік комиссиясы "Finaccord Limited" жеке компаниясының KZ2D00009354 (FNACpp2) облигацияларын KASE ресми тізіміне "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады
03.02.23 14:00
/KASE, 03.02.23/ – Қазақстан қор биржасының Листингілік комиссиясы (KASE)
2023 жылдың 03 ақпанында "Finaccord Limited" жеке компаниясының (Астана)
KZ2D00009354 облигацияларын ($100 000, $150,0 млн, 5 жыл; жартыжылдық
купон, жылдық 4,00%; 30/360) "Жеке орналастыру" алаңына KASE ресми тізіміне
енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға FNACpp2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2023-02-03]