/KASE, 01.02.23, 30.01.23 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі"
атты KASE ішкі құжатына сәйкес 2023 жылдың ақпан айына Биржада
айналысқа жіберілген акциялар, депозитарлық қолхаттар және
инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының өтімділіктің бірінші,
екінші және үшінші кластарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздар
тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар комитетімен
(Комитет) 2023 жылдың 23 қаңтарындағы шешімімен бекітілген және KASE
ішкі құжаттарының нормаларын олардағы бағалы қағаздарға қолдану
мақсатында қалыптастырылған.
2023 жылдың 01 және 28 қаңтары аралығында әрекет ететін өтімділіктің
бірінші класты бағалы қағаздар тізіміне 39 атаудағы бағалы қағаздар
енгізілген. 2023 жылдың қаңтарында құрылған өтімділіктің бірінші класты
бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда, тізімге
мыналар кірді:
1) Bank of America Corporation US0605051046 ("KASE Global" секторы,
BAC_KZ) жай акциялары;
2) "Қазақтелеком" АҚ KZ0009094645 (KASE негізгі алаңы, "премиум"
санаты, KZTKp) артықшылықты акциялары;
3) NVIDIA Corp.US67066G1040 (сектор "KASE Global", NVDA_KZ) жай
акциялары;
4) "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "GoodWill KZT" аралық
инвестициялық пай қоры (АИПҚ) KZPF00000090 (сектор "ценные бумаги
инвестиционных фондов", FFINgw) пайлары.
2023 жылдың қаңтар айына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы
тізімінен шығарылды:
1) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "harMONEY" ИИПҚ
KZPF00000124 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы,
FHJIhm) пайлары;
2) Pfizer Inc. US7170811035 (сектор "KASE Global", PFE_KZ) жай
акциялары;
3) AT&T Inc. US00206R1023 (сектор "KASE Global", T_KZ) жай акциялары;
4) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ИИПҚ
KZPF00000132 (сектор "ценные бумаги инвестиционных фондов",
FHJIag) пайлары;
5) Meta Platforms, Inc. US30303M1027 (сектор "KASE Global", META_KZ)
жай акциялары;
6) SPDR Bloomberg Barclays 1-3 month T-Bill ETF, SPDR series trust
инвестициялық қоры шығарған US78468R6633 ("инвестициялық
қорлардың бағалы қағаздары" секторы, US_BIL_) пайлары;
7) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры"
ИИПҚ KZPF00000025 пайлары ("инвестициялық қорлардың бағалы
қағаздары", CSECfe).
2023 жылдың ақпан айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
кластарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2023_feb.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
2023 жылдың қаңтар айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
сыныптарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2023_jan.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
[2023-02-01]