"ЖАСЫЛ" ОБЛИГАЦИЯЛАР" (GREEN BAND COMPETITION) НЕГІЗДЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАЙҚАУЫ 2023 ЖЫЛДЫҢ 31 ҚАҢТАРЫНА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

27.01.23 15:30
/KASE, 27.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) компаниялар мен жергілікті атқарушы органдар үшін "жасыл" облигациялар" негіздемелік бағдарламасының бірінші байқауының 2023 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартылғаны туралы хабарлайды. Байқауды Дүниежүзілік банк тобының құрамында жұмыс істейтін халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі және KASE ұйымдастырды. "Жасыл" облигациялар" бағдарламасы "жасыл" облигациялар шығару есебінен қаржыландыру алу мүмкіндігін қарастыратын екі финалистке: - "жасыл" облигациялар шығарылымын дайындауға консультациялық қолдау көрсету; - "жасыл" облигациялар шығарылымының халықаралық қағидаттарға сәйкестігі туралы тәуелсіз қорытынды дайындауға көмек (Second Party Opinion) көрсетуді қарастырады. Байқауға қатысу үшін 2023 жылдың 10-31 қаңтары аралығында мына сілтеме бойынша нысанды толтыра отырып, өтінім беру қажет – https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfbi9af98z_b2FUCwVukSDyN8nTG9 pR3MNdAtv0eZBIkHwEpA/viewform?usp=pp_url "Жасыл" облигациялар мемлекеттік сектордағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін барған сайын танымал қаржыландыру көзіне айналуда. "Жасыл" облигациялар шығару арқылы қаражатты пайдалану экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG) шеңберінде орнықты даму мақсаттарын іске асыруды және экономиканы шығарындылар деңгейін төмендету жағына айналдыруды қолдайды. KASE-де "жасыл" және өзге ESG облигацияларын шығару үшін қажетті инфрақұрылым құрылды: 1) орнықты даму қағидаттарына сәйкес келетін "жасыл", гендерлік, әлеуметтік және өзге де облигациялар листингін жүргізу кезінде сараптаманың болуы; 2) қосымша листингілік талаптардың болмауы; 3) жобаларды тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйымдардың кең тізбесі; 4) ESG облигациялары үшін жеңілдетілген листингілік алымдар. "Жасыл" облигациялар" бағдарламасы аясында IFC екі компанияға және жергілікті атқарушы органдарға келесі қызметтерді тегін ұсынады: - "жасыл" облигациялар арқылы тартылған қаражат есебінен қаржыландырылуы немесе қайта қаржыландырылуы мүмкін жобалар портфелін қалыптастыру; - компанияның жұмыс тобы үшін жеке тренингтер өткізу; - тәуелсіз сыртқы бағалауды алуға көмектесу (Second party opinion); - қажетті қаржылық емес есеп берушілікті жасауға көмектесу. [2023-01-27]