27 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында American Electric Power Company, Inc. US0255371017 (AEP_KZ) және Starbucks Corporation US8552441094 (SBUX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
27.01.23 10:47
/KASE, 27.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
27 қаңтарынан бастап KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге
асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 10 ақпанына және одан
кейінгі күндерге келетін репо операциялары бойынша келесі жай
акциялармен сауда-саттықтың тоқтатылғанын хабарлайды:
- US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ) American Electric Power
Company, Inc. (АҚШ);
- US8552441094 ("KASE Global" секторы, SBUX_KZ) Starbucks Corporation (АҚШ).
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылдың 10 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
[2023-01-27]