24 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында Citigroup Inc. US1729674242 (C_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
24.01.23 09:15
/KASE, 24.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 24 қаңтарынан
бастап KASE олар бойынша репо операциялары бойынша орталық контрагенттің
функцияларын жүзеге асыратын, және есеп айырысу күні 2023 жылдың 06 ақпанына
және одан кейінгі күндерге келетін, Citigroup Inc. (АҚШ) US1729674242
("KASE Global" секторы, C_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық
тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылдың 06 ақпанында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
[2023-01-24]