/KASE, 11.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) KASE 2022-2024
жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес Биржаның 100 % еншілес ұйымы –
"KASE клирингтік орталығы" АҚ (KACC) құрылғанын хабарлайды.
KACC құру Биржаның сауда-саттықты ұйымдастырушы мен орталық контрагенттің
(ОК) тәуекелдер бейінін ажырату мақсатында өзінің еншілес ұйымына орталық
контрагенттің функцияларын беру жоспарларымен шартталған. Бұдан басқа, клиринг
және ОК функцияларын бөлу тек KASE-де ғана емес, сондай-ақ басқа да биржалық
және биржадан тыс нарықтарда айналысқа түсетін түрлі қаржы құралдары бойынша
ОК қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді.
KACC Директорлар кеңесінің құрамы:
- Алдамберген Алина Өтемісқызы – Директорлар кеңесінің Төрайымы;
- Саржақов Жайнар Наурызбайұлы – KACC ДК төрағасы болмаған
жағдайда, оны алмастыруға құқығы бар тұлға;
- Ташметов Мирлан Жапарбекович – тәуелсіз директор.
КАСС Басқармасының құрамы:
- Сабитов Идель Марсильевич – Басқарма Төрағасы;
- Алла Валерьевна – Басқарма Төрағасының Орынбасары;
- Сыздықков Еркін Сатыбалдыұлы – Басқарма Төрағасының Орынбасары.
Осы уақиғаға байланысты KASE баспасөз мәлімдемесі жарияланды:
-
https://kase.kz/files/press/ru/11_01_2023_Kliringovyi_centre_KASE_kaz.pdf –
қазақ тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/ru/11_01_2023_Kliringovyi_centre_KASE.pdf –
орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/press/ru/11_01_2023_Kliringovyi_centre_KASE_eng.pdf –
ағылшын тілінде.
[2023-01-11]