10 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасында Caterpillar US1491231015 (CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
10.01.23 09:30
/KASE, 10.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
10 қаңтарынан бастап, есеп айырысу күні 2023 жылдың 20 қаңтарына және
одан кейінгі күндерге келетін, Caterpillar (АҚШ) US1491231015 ("KASE
Global" секторы, CAT_KZ) жай акцияларымен KASE сауда-саттық
тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2023 жылдың 20 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
[2023-01-10]