/KASE, 05.01.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
16 қаңтарынан бастап KASE-де жай акциялармен сауда-саттық қайта
басталатынын хабарлайды:
- US0028241000 (сектор "KASE Global", ABT_KZ) Abbott Lab. (АҚШ);
- US35671D8570 (сектор "KASE Global", FCX_KZ) Freeport-McMoRan Inc. (АҚШ).
Аталған акциялармен KASE-дегі сауда-саттық 2022 жылдың
30 желтоқсанынан бастап аталған акциялар бойынша дивидендтер төлеу
үшін тізілімнің бекітілуіне байланысты тоқтатылды.
Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE 2022 жылдың 30 желтоқсанындағы
"30 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Abbott Lab.
US0028241000 (ABT_KZ) және Freeport-McMoRan Inc. US35671D8570
(FCX_KZ) жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылды" жаңалығы
жарияланды –
https://kase.kz/ru/news/show/1494279/.
[2023-01-05]