28 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Mastercard, Inc. US57636Q1040 (MA_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
27.12.22 17:27
/KASE, 27.12.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 28 желтоқсанынан
бастап есеп айырысу күні 2023 жылдың 09 қаңтарына және одан кейінгі күндерге
сәйкес келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде Mastercard, Inc. (АҚШ)
US57636Q1040 ("KASE Global" секторы, MA_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 -тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2023 жылдың 09 қаңтарында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылады.
[2022-12-27]