/KASE, 21.12.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 29 желтоқсанынан
бастап ConocoPhillips (АҚШ) US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай
акцияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталатыны туралы хабарлайды.
Аталған акциялармен KASE-де сауда-саттық 2022 жылдың 20 желтоқсанынан бастап
аталған акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімнің бекітілуіне
байланысты тоқтатылды.
Осы тақырып бойынша бұрын KASE 2022 жылдың 19 желтоқсанындағы
жаңалығы жарияланған болатын "20 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор
биржасында ConocoPhillips US20825C1045 (COP_KZ) жай акцияларымен
сауда-саттық тоқтатылды" –
https://kase.kz/ru/news/show/1493659/
[2022-12-21]