/KASE, 14.12.22/ – Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингтік комиссиясы 2022 жылдың 13 желтоқсанында "АРКАДА
ИНДАСТРИ" ЖШС (Қарағанды) KZ2P00009202 (ARCDpp2, 100 000 теңге,
800,0 млн теңге, 10 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 26,00%; 30/360)
облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" сауда-саттық
алаңына енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингтік комиссияның бұл шешімі 2022 жылдың 14 желтоқсанынан бастап
күшіне енеді.
Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/ru/bonds/show/ARCDpp2/ сілтемесі
бойынша жарияланды.
[2022-12-14]