KASE Листингілік комиссиясы "Finaccord Limited" жеке компаниясының KZ2D00009214 (FNACpp1) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" сауда-саттық алаңына енгізу туралы шешім қабылдады
13.12.22 15:56
/KASE, 13.12.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы
2022 жылдың 13 желтоқсанында "Finaccord Limited" жеке компаниясының
(Астана) KZ2D00009214 ($100 000, $220,0 млн, 5 жыл; жартыжылдық
купон, жылдық 4,00%; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке
орналастыру" сауда-саттық алаңына енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға FNACpp1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
сайтында жарияланатын болады.
[2022-12-13]