KASE Листингілік комиссиясы "АРКАДА ИНДАСТРИ" ЖШС KZ2P00009202 (ARCDpp2) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" сауда-саттық алаңына енгізу туралы шешім қабылдады
13.12.22 15:05
/KASE, 13.12.22/ – Қазақстан қор биржасының листингтік комиссиясы (KASE)
2022 жылдың 13 желтоқсанында "АРКАДА ИНДАСТРИ" ЖШС (Қарағанды)
KZ2P00009202 облигацияларын (100 000 теңге, 800,0 млн теңге, 10 жыл;
жартыжылдық купон, жылдық 26,00%; 30/360) KASE ресми тізімінің "Жеке
орналастыру" сауда-саттық алаңына енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингтік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға ARCDpp2 қысқартылған белгісі (саудасаттық коды)
берілді.
"АРКАДА ИНДАСТРИ" ЖШС қызметінің негізгі түрі – құрылыс
материалдарын, негізінен қиыршық тастарды өндіру.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
сайтында жарияланатын болады.
[2022-12-13]