/KASE, 01.12.22, 29.11.22 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі"
атты KASE ішкі құжатына сәйкес 2022 жылдың желтоқсан айына Биржада
айналысқа жіберілген акциялар, депозитарлық қолхаттар және инвестициялық
қорлардың бағалы қағаздарының өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
кластарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздар тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар комитетімен
(Комитет) 2022 жылдың 23 қарашасындағы шешімімен бекітілген және KASE
ішкі құжаттарының нормаларын олардағы бағалы қағаздарға қолдану
мақсатында қалыптастырылған.
2022 жылдың 01 және 31 желтоқсаны аралығында әрекет ететін өтімділіктің
бірінші класты бағалы қағаздар тізіміне 30 атаудағы бағалы қағаздар
енгізілген. 2022 жылдың қарашасында құрылған өтімділіктің бірінші класты
бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда, тізімге
мыналар кірді:
1) Advanced Micro Devices, Inc. US0079031078 жай акциялары ("KASE
Global" секторы, AMD_KZ);
2) Meta Platforms, Inc. US30303M1027 жай акциялары ("KASE Global"
секторы, META_KZ);
3) PayPal Holdings Inc. US70450Y1038 жай акциялары ("KASE Global"
секторы, PYPL_KZ);
4) "Қазақтелеком" АҚ KZ0009094645 артықшылықты акциялары (KASE
негізгі алаңы,"премиум" санаты, KZTKp).
2022 жылдың қараша айына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы
тізімінен шығарылды:
1) "БАСТ" АҚ KZ1C00001015 жай акциялары (KASE балама алаңы,"акциялар"
секторы, BAST);
2) "СНПС - Ақтөбемұнайгаз" АҚ KZ0009093902 артықшылықты акциялары
("листингілік емес бағалы қағаздар" секторы, AMGZp);
3) Intel Corporation US4581401001 жай акциялары акции ("KASE Global"
секторы, INTC_KZ);
4) NVIDIA Corp. US67066G1040 акциялары ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ);
5) Apple Inc. US0378331005 жай акциялары ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ);
6) Ford Motor Company US3453708600 жай акциялары ("KASE Global" секторы,
F_KZ);
7) Bank of America Corporation US0605051046 жай акциялары ("KASE Global"
секторы, BAC_KZ).
2022 жылдың желтоқсан айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
кластарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2022_dec.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
2022 жылдың қараша айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
сыныптарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2022_nov.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
[2022-12-01]