01 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp. US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.
30.11.22 16:15
/KASE, 30.11.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 01 желтоқсанынан
бастап есеп айырысу күні 2022 жылдың 08 желтоқсанына және одан кейінгі
күндерге сәйкес келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде Newmont Corp. (АҚШ)
US6516391066 ("KASE Global" секторы, NEM_KZ) жай акцияларымен KASE-де
сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 -тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2022 жылдың 08 желтоқсанында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатылады.
[2022-11-30]