29 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында US6541061031 (NKE_KZ) Nike, Inc. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
29.11.22 10:44
/KASE, 29.11.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың
29 қарашасынан бастап, есеп айырысу күні 2022 жылдың 05 желтоқсаны
және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде
саудаланатын, Nike Inc. (АҚШ) US6541061031 ("KASE Global" секторы,
NKE_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының
10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2022 жылдың 05 желтоқсанында
көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу
жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2022-11-29]