/KASE, 22.11.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 06 желтоқсанынан
бастап Bank of America Corporation (АҚШ) US0605051046 ("KASE Global" секторы,
BAC_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталатыны туралы
хабарлайды.
Аталған акциялармен KASE-де сауда-саттық 2022 жылдың 22 қарашасынан бастап
аталған акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімнің бекітілуіне
байланысты тоқтатылды.
Осы тақырып бойынша бұрын KASE 2022 жылдың 21 қарашасындағы
"22 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасында Bank of America
Corporation US0605051046 (Bac_kz) жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатылады" атты жаңалығы жарияланған болатын –
https://kase.kz/kz/news/show/1492187/
[2022-11-22]