/KASE, 22.11.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2022 жылдың 21 қарашасында "ASIA PARK"
("АЗИЯ ПАРК") ЖШС (Астана) KZ2P00008998 (ASPKpp1; 500 000 теңге,
5,0 млрд теңге, 10 жыл; тоқсандық купон, жылдық 26,00%; 30/360)
облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" сауда-саттық
алаңына енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2022 жылдың 22 қарашасынан бастап
күшіне енеді.
Көрсетілген облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/ru/bonds/show/ASPKpp1/ сілтемесі
бойынша жарияланды.
[2022-11-22]