/KASE, 09.11.22, 02.11.22 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) 2022 жылдың 09 қарашасынан бастап KASE-де жай акцияларымен
сауда-саттық қайта басталатыны туралы хабарлайды:
- Apple Inc. (АҚШ) US0378331005 ("KASE Global" секторы, AAPL_KZ);
- Intel Corporation (АҚШ) US4581401001 ("KASE Global" секторы,
INTC_KZ);
- Citigroup Inc. (АҚШ) US1729674242 ("KASE Global" секторы, C_KZ).
Аталған акциялармен сауда-саттық KASE-де 2022 жылдың 01 қарашасынан
бастап аталған акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімнің
тиянақталуына байланысты тоқтатылды.
Осы тақырып бойынша бұдан бұрын 2022 жылдың 31 қазанындағы
"01 қарашасынан бастап KASE-де Apple Inc. US0378331005 (AAPL_KZ), Intel
Corporation US4581401001 (INTC_KZ) және Citigroup Inc. US1729674242
(C_KZ)" жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды" атты KASE жаңалығы
жарияланған –
https://kase.kz/ru/news/show/1491035/
[2022-11-09]