01 қарашадан бастап US8552441094 (SBUX_KZ) Starbucks Corporation жай акцияларымен KASE сауда-саттық уақытша тоқтатылды
31.10.22 16:56
/KASE, 31.10.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 01
қарашасынан бастап KASE-де есеп айырысу күні 2022 жылдың
11 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін сауда режимдеріндегі
Starbucks Corporation (АҚШ) US8552441094 ("KASE Global" секторы,
SBUX_KZ) жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2022 жылдың 11 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
[2022-10-31]