01 қарашадан бастап US0255371017 (AEP_KZ) American Electric Power Company, Inc. және US4592001014 (IBM_KZ) IBM corp. жай акцияларымен KASE сауда-саттық уақытша тоқтатылды
31.10.22 16:54
/KASE, 31.10.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 01
қарашасынан бастап KASE-де есеп айырысу күні 2022 жылдың
10 қарашасына және одан кейінгі күндерге келетін сауда режимдеріндегі
мынадай жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды:
- American Electric Power Company, Inc. (АҚШ) US0255371017 ("KASE
Global" секторы, AEP_KZ);
- IBM corp. (АҚШ) US4592001014 ("KASE Global" секторы, IBM_KZ)
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де
2022 жылдың 10 қарашасында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатылды.
[2022-10-31]