/KASE, 31.10.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың
өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына
сәйкес 2022 жылдың қараша айында Биржада айналысқа жіберілген
акциялар, депозитарлық қолхаттар және инвестициялық қорлардың бағалы
қағаздарының өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының
тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздар тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар комитетімен
(Комитет) 2022 жылдың 24 қазанындағы шешімімен бекітілген және KASE
ішкі құжаттарының нормаларын олардағы бағалы қағаздарға қолдану
мақсатында қалыптастырылған.
2022 жылдың 01 30 қарашасы аралығында әрекет ететін өтімділіктің
бірінші класты бағалы қағаздар тізіміне 33 атаудағы бағалы қағаздар
енгізілген. 2022 жылдың қазанында құрылған өтімділіктің бірінші класты
бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда, тізімге
мыналар кірді:
1) VANECK ETF TRUST US92189F1066 VanEck Gold Miners ETF ("KASE
Global" секторы, GDX_KZ) акциялары;
2) Mirae Asset Global Investments US37954Y8710 The Global X Uranium ETF
("KASE Global" секторы, URA_KZ) акциялары;
3) "БАСТ" АҚ KZ1C00001015 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы,
BAST) жай акциялары;
4) Freedom Holding Corp.US3563901046 (KASE негізгі алаңы, "стандарт"
санаты, FRHC_KZ) жай акциялары;
5) Ford Motor Company US3453708600 ("KASE Global" секторы, F_KZ) жай
акциялары.
2022 жылдың қазан айына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы
тізімінен шығарылды:
1) "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы басқаруындағы "ЦентрКредит -
Разумный баланс" ЖЗИҚ KZPF00000231 ("инвестициялық қорлардың
бағалы қағаздары" секторы, BCCIrb) үлеспұлдары;
2) Meta Platforms, Inc. US30303M1027 ("KASE Global" секторы, META_KZ)
жай акциялары;
3) Advanced Micro Devices, Inc.US0079031078 ("KASE Global" секторы,
AMD_KZ) жай акциялары;
4) "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ KZ0009089736 (KASE негізгі алаңы, "стандарт"
санаты, MMGZp).
2022 жылдың қыркүйек айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
кластарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2022_nov.pdf сілтемесі бойынша
жарияланды.
2022 жылдың тамыз айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
сыныптарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2022_oct.pdf сілтемесі бойынша
жарияланды
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf сілтемесі бойынша
жарияланған.
[2022-10-31]