/KASE, 26.10.22, 21.10.22 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) 2022 жылғы 26 қазаннан бастап KASE-де Caterpillar (АҚШ)
US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ) жай акцияларымен сауда-
саттық қайта басталатыны туралы хабарлайды.
Аталған акциялармен сауда-саттық KASE-де 2022 жылдың 21 қазанынан
бастап аталған акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімнің
тиянақталуына байланысты тоқтатылды.
Осы тақырып бойынша бұдан бұрын 2022 жылдың 20 қазанындағы
"21 қазаннан бастап KASE-де Caterpillar US1491231015 (CAT_KZ) жай
акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды" KASE жаңалығы жарияланған –
https://kase.kz/ru/news/show/1490429/
[2022-10-26]