"Сбербанк России" Еншілес банкі АҚ атауы өзгертілді
21.09.22 14:51
/KASE, 21.09.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Сбербанк России" АҚ Еншілес банкі (Алматы) KASE-ге 2022
жылдың 14 қыркүйегіндегі заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы
анықтаманың көшірмесін ұсынды, оған сәйкес "Сбербанк России" АҚ
еншілес банкі "Bereke Bank" АҚ қайта тіркелді.
[2022-09-21]