KASE листингілік комиссиясы "Авеста-Караганда" ЖШС KZ2P00008741 (AVKGpp1) облигацияларын KASE ресми тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады
11.08.22 16:09
/KASE, 11.08.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясы 2022 жылдың 11 тамызында "Авеста-Караганда" АҚ
(Қарағанды) KZ2P00008741 (200 000 тенге, 2,0 млрд теңге; 10 жыл;
тоқсандық купон, жылдық 26,00 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми
тізімінің "Жеке орналастыру" алаңына енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигацияларға AVKGpp1 қысқартылған белгісі (сауда коды)
берілді.
"Авеста-Караганда" ЖШС қызметінің негізгі түрлері – меншікті
жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
сайтында жарияланатын болады.
[2022-08-11