10 тамыздан бастап Starbucks Corporation US8552441094 (SBUX_KZ) жай акцияларымен KASE сауда-саттық уақытша тоқтатылды
09.08.22 12:53
/KASE, 09.08.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың
10 тамызынан бастап Starbucks Corporation (АҚШ) US8552441094 ("KASE
Global" секторы, SBUX_KZ) жай акцияларымен KASE сауда-саттығы
уақытша тоқтатылды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 09 тамызынан бастап аталған облигациялардың
KASE сауда-саттығы 2022 жылдың 12 тамызына және одан кейінгі күндерге
есеп айырысу күні келетін сауда-саттық режимдерінде тоқтатылды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, KASE
көрсетілген акциялар бойынша 1-ге 5 коэффициентімен сплит тіркелгені
және жарияланған және орналастырылған акциялардың саны туралы
мәліметтерді жаңарту қажеттілігіне байланысты тоқтатылды.
[2022-08-09]