11 шілдеден бастап "REAL-INVEST.kz" Қаржы компаниясы" АҚ KZ1P00000087 (REALp) облигациялары эмитенттің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады
08.07.22 19:59
/KASE, 08.05.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік
комиссиясының 2022 жылдың 08 шілдесіндегі шешімімен KASE ресми
тізімінен "REAL-INVEST.kz" Қаржы компаниясы АҚ (Алматы) KZ1P00000087
облигациялары (KASE баламалы алаңы," облигациялар " санаты, REALp)
алып тасталды.
Листингілік комиссияның осы шешімі 2022 жылғы 11 шілдесінен бастап
күшіне енеді.
Бұл шешім "REAL-INVEST.kz" Қаржы компаниясы" АҚ KASE ресми тізімінен
көрсетілген облигациялардың ерікті делистингі туралы өтініші негізінде
қабылданды.
Аталған облигациялар 2009 жылдың 09 қарашасынан бастап екінші санаты
бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан
бастап KASE ресми тізімінің баламалы алаңындағы "облигациялар"
санатына жатады. Сауда-саттық 2009 жылдың 09 қарашасынан бастап
ашылды.
[2022-07-08]