13 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында Abbott Lab. US0028241000 (ABT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
11.07.22 09:48
/KASE, 11.07.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың
13 шілдесінен бастап Abbott Lab. (АҚШ) US0028241000 ("KASE Global"
секторы, ABT_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық
тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 11 шілдесінен бастап KASE-де көрсетілген
акциялардың сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 15 шілдесінде
тоқтатыла тұрады.
"Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының
11-2 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, KASE 2022 жылдың
15 шілдесінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін
тізілімді тіркеуді жүзеге асыратыны туралы ақпараттың болуына
байланысты сауда-саттық тоқтатыла тұрады.
[2022-07-11]