/KASE, 05.07.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2022 жылдың 07 шілдесінден бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және
деректер базасында US34959E1091 ("KASE Global" секторы, FTNT_KZ)
Fortinet, Inc. (АҚШ) жай акциялары бойынша келесі ақпаратты өзгерту
туралы шешім қабылдады:
- жарияланған жай акциялардың саны 163 320 200-ден 802 635 635
данаға;
- орналастырылған жай акциялардың саны 138 974 111-ден 681 827
730 данаға.
2022 жылдың 07 шілдесінен бастап KASE-де 2022 жылдың 24 маусымынан
бастап тоқтатылған аталған акциялардың сауда-саттығы қайта
жандандырылатын болады.
Бұрын осы тақырып бойынша KASE-нің 2022 жылдың 24 маусымындағы
жаңалықтары жарияланған болатын "24 маусымнан бастап KASE-де
Fortinet, Inc. (FTNT_KZ) Us34959e1091 (FTNT_KZ) жай акцияларымен сауда-
саттық тоқтатылды." –
https://kase.kz/ru/news/show/1484367/
[2022-07-05]