05 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында Verizon Communications Inc. US92343V1044 (VZ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
01.07.22 17:01
/KASE, 01.07.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың
05 шілдесінен бастап Verizon Communications Inc. (АҚШ) ("KASE Global"
секторы, VZ_KZ) US92343V1044 жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық
тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 04 шілдесінен бастап KASE-де көрсетілген
акциялардың сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 08 шілдесіне
және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде
тоқтатыла тұрады.
"Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының
11-2 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, KASE 2022 жылдың
08 шілдесінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін
тізілімді тіркеуді жүзеге асыратыны туралы ақпараттың болуына
байланысты сауда-саттық тоқтатыла тұрады.
[2022-07-01]