05 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында Mastercard, Inc. US57636Q1040 (MA_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.
01.07.22 16:57
/KASE, 01.07.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың
05 шілдесінен бастап Mastercard, Inc. (АҚШ) Us57636q1040 ("KASE Global"
секторы, MA_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттықтары
тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 04 шілдесінен бастап KASE-де көрсетілген
акциялардың сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 08 шілдесіне
және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде
тоқтатыла тұрады.
"Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының
11-2 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, KASE 2022 жылдың
08 шілдесінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін
тізілімді тіркеуді жүзеге асыратыны туралы ақпараттың болуына
байланысты сауда-саттық тоқтатыла тұрады.
[2022-07-01]