04 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында JPMorgan Chase&Co US46625H1005 (JPM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
01.07.22 15:33
/KASE, 01.07.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың
04 шілдесінен бастап US46625H1005 ("KASE Global" секторы, JPM_KZ)
JPMorgan Chase&Co (АҚШ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла
тұратыны туралы KASE-де хабарлайды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 04 шілдесінен бастап KASE-де көрсетілген
акциялардың сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 06 шілдесінде
және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде
тоқтатыла тұрады.
Биржада 2022 жылдың 06 шілдесінде көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтерді төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты "Биржалық қызметті жүзеге асыру
ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының
1) тармақшасына сәйкес сауда-саттық тоқтатыла тұрады.
[2022-07-01]