"Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ еншілес банкі өзінің KZ2C00004562 (HCBNb5) облигациялары бойынша жетінші купонның төленгенін хабарлады.
23.06.22 10:00
/KASE, 23.06.22/ – "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ еншілес банкі
(Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2022 жылдың 22 маусымында
өзінің KZ2C00004562 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, HCBNb5)
облигациялары бойынша жетінші купондық сыйақы төлегені туралы
хабарлады.
Аталған хабарламаға сәйкес аталған сыйақы 1 100 089 250 теңге
сомасында төленді.
[2022-06-23]