24 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында ConocoPhillips US20825C1045 (COP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
21.06.22 09:40
/KASE, 21.06.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың
24 маусымынан бастап ConocoPhillips (АҚШ) US20825C1045 ("KASE Global"
секторы, COP_KZ) жай акцияларымен KASE сауда-саттықтары
тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 21 маусымынан бастап көрсетілген акциялардың
KASE сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 28 маусымында және
одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла
тұрады.
KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының
11-2 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес сауда-саттық
2022 жылдың 28 маусымда аталған акциялар бойынша дивидендтерді
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатыла тұрады.
[2022-06-21]