/KASE, 20.06.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2022 жылдың 21 маусымынан бастап Cameco Corporation (Канада)
CA13321l1085 ("KASE Global" секторы, CCJ_KZ) жай акцияларын жартылай
қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге рұқсат
етілген қаржы құралдарының тізімінен (Т+ тізімі) және жартылай қамтамасыз
етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде
есепке алынатын қаржы құралдарының тізімінен (қамтамасыз ету тізімі Т+)
алып тастау туралы шешім қабылдады.
Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамтамасыз ету тізімі
KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf сілтемесі
бойынша жарияланған.
[2022-06-20]