31 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында QUALCOMM Inc.US7475251036 (QCOM_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады
26.05.22 09:17
/KASE, 26.05.22/– Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 06 сәуірден
бастап QUALCOMM Inc. (АҚШ) US7475251036 ("KASE Global" секторы,
QCOM_KZ) жай акцияларының KASE сауда-саттықтары уақытша
тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 26 мамырынан бастап көрсетілген акциялардың
KASE сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 02 маусымына және
одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла
тұрады.
KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының
11-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сауда-саттық
2022 жылдың 02 маусымында көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтерді төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы
ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2022-05-26]