/KASE, 20.05.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Хоум Кредит энд Финанс Банк"АҚ (Алматы)
2022 жылдың 17 мамырындағы акционерлердің жалпы жиналысының
шешімімен банктің Директорлар кеңесінің құрамынан Директорлар кеңесінің
мүшесі – Горак Карел шығарылғаны туралы Биржаға хабарлады:
"Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Директорлар кеңесінің құрамына
енгізілген өзгертулерді ескере отырып, төрт адамнан тұрады: Бачваров
Кирил Атанасов, Розегнал Павел, Сайденов А.Г., Полачек Бохумил.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/HCBN/hcbn_board_changes_170522_124688.pdf
[2022-05-20]