25 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Amazon.com, Inc. US0231351067 (AMZN_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады
20.05.22 10:00
/KASE, 20.05.22/– Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың
25 мамырынан бастап Amazon.com, Inc. (АҚШ) US0231351067 ("KASE
Global" секторы, AMZN_KZ) жай акцияларының KASE сауда-саттықтары
уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 20 мамырынан бастап көрсетілген акциялардың
KASE сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 27 мамырында және
одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла
тұрады.
KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының
11-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сауда-саттық 2022
жылдың 25 мамырда көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу
үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатыла тұрады.
[2022-05-20]