20 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Johnson & Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады
11.05.22 16:37
/KASE, 11.05.22/– Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 06 сәуірден
бастап Johnson & Johnson (АҚШ) US4781601046 ("KASE Global" секторы,
JNJ_KZ) жай акцияларының KASE сауда-саттықтары уақытша
тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 12 мамырынан бастап көрсетілген акциялардың
KASE сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 24 мамырында және
одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла
тұрады.
KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының
11-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сауда-саттық 2022
жылдың 24 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатыла тұрады.
[2022-05-11]