/KASE, 04.05.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының Шешіміне
сәйкес 2022 жылдың 05 мамырынан бастап Airbus (АҚШ) NL0000235190
("KASE Global" секторы, AIR_KZ) жай акциялары ішінара қамтамасыз етумен
мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін
қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамтамасыз ету тізімі) енгізілетін болады.
Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамтамасыз ету тізімі
KASE интернет-сайтында сілтеме бойынша жарияланған –
https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf
[2022-05-04]