05 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Intel Corporation US4581401001 (INTC_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
04.05.22 11:04
/KASE, 04.05.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың
05 мамырынан бастап Intel Corporation (АҚШ) US4581401001 ("KASE Global"
секторы, INTC_KZ) жай акцияларымен KASE сауда-саттығы тоқтатыла
тұратыны туралы хабарлайды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 04 мамырынан бастап көрсетілген акциялардың
KASE сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 07 мамырына және
одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла
тұрады.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, 2022 жылдың
07 мамырда көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін
тізілімді тіркеуді жүзеге асыратыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатыла тұрады.
[2022-05-04]