11 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Starbucks Corporation US8552441094 (SBUX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
04.05.22 10:57
/KASE, 04.05.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың
11 мамырынан бастап Starbucks Corporation (АҚШ) US8552441094
("KASE Global" секторы, SBUX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық
тоқтатыла тұратыны туралы хабарлайды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 04 мамырынан бастап көрсетілген акциялардың
KASE сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 13 мамырына және
одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла
тұрады.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2022 жылдың
13 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін
тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатыла тұрады.
[2022-05-04]