/ҚАЙТАЛАУ/ KASE 2022 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТІЗІМІН ЖАСАДЫ

03.05.22 09:14
/KASE, 03.05.22, 28.04.22 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес 2022 жылдың мамыр айында Биржада айналысқа жіберілген акциялар, депозитарлық қолхаттар және инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздар тізімдері) қалыптастырды. Бағалы қағаздардың тізімдері комитеттің индекстер мен индикаторлар бойынша 2022 жылдың 25 сәуіріндегі шешімімен бекітілген және KASE ішкі құжаттарының нормаларын олардағы бағалы қағаздарға қолдану мақсатында қалыптастырылған. 2022 жылдың 01-31 мамыры аралығында әрекет ететін өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздар тізіміне 28 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2022 жылдың сәуірінде құрылған өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда, тізімге мыналар кірді: 1) NVIDIA Corp. US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) жай акциялары; 2) AT&T Inc US00206R1023 ("KASE Global" секторы, T_KZ) жай акциялары; 3) The Coca-Cola Company US1912161007 ("KASE Global" секторы, KO_KZ) жай акциялары. 2022 жылдың сәуір айына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы тізімінен шығарылды: 1) American Airlines US02376R1023 ("KASE Global" секторы, AAL_KZ) жай акциялары; 2) AltynGold plc. GB00BMH19X50 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, GB_ALTN) жай акциялары; 3) Exxon Mobil Corporation US30231G1022 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) жай акциялары; 4) Micron Technology, Inc. US5951121038 ("KASE Global" секторы, MU_KZ) жай акциялары; 5) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "еврооблигациялар қоры" ЖЗИҚ KZPF000000025 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, CSECfe) үлеспұлдары "; 6) "First Heartland Jusan Invest" АҚ басқаруындағы KZPF00000140 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIpc) үлеспұлдары; Естеріңізге сала кетейік, өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші сыныптарының Бағалы қағаздарының тізімі сауда-саттықтары KASE ашылған бағалы қағаздар қатарынан қалыптасады. Бағалы қағаздар тізіміне сауда-саттықтары ашылмаған немесе тоқтатыла тұрған бағалы қағаздар енгізілмеген 2022 жылдың мамыр айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2022_may.pdf сілтеме бойынша жарияланды. 2022 жылдың сәуір айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші сыныптарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2022_apr.pdf сілтеме бойынша жарияланды Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid_kaz.pdf сілтеме бойынша жарияланған. [2022-05-03]