22 сәуірден бастап Қазақстан қор Caterpillar US1491231015 (CAT_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады
21.04.22 09:34
/KASE, 21.04.22/– Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 06 сәуірден
бастап Caterpillar (АҚШ) US1491231015 ("KASE Global" секторы, CAT_KZ)
жай акцияларының KASE сауда-саттықтары уақытша тоқтатылатыны
туралы хабарлайды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 21 сәуірінен бастап көрсетілген акциялардың KASE
сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 26 сәуірінде және одан
кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла тұрады.
KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының
11-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сауда-саттық 2022
жылдың 26 сәуірінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу
үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатыла тұрады.
[2022-04-21]