06 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Mastercard, Inc. US57636Q1040 (MA_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады
04.04.22 15:32
/KASE, 04.04.22/– Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 06 сәуірден
бастап Mastercard, Inc. (АҚШ) US57636Q1040 ("KASE Global" секторы,
MA_KZ) жай акцияларының KASE сауда-саттықтары уақытша
тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 05 сәуірінен бастап көрсетілген акциялардың KASE
сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 08 сәуірінде және одан
кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла тұрады.
KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының
11-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сауда-саттық 2022
жылдың 31 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатыла тұрады.
[2022-04-04]