29 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында ConocoPhillips US20825C1045 (COP_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады
28.03.22 18:51
/KASE, 28.03.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың
29 наурызынан бастап ConocoPhillips (АҚШ) US20825C1045 ("KASE Global"
секторы, COP_KZ) жай акцияларының KASE сауда-саттықтары уақытша
тоқтатылатыны туралы хабарлайды.
Бұл ретте, 2022 жылдың 29 наурызынан бастап көрсетілген акциялардың
KASE сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 31 наурызына және
одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла
тұрады.
KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының
11-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сауда-саттық 2022
жылдың 31 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді
төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына
байланысты тоқтатыла тұрады.
[2022-03-28]