/KASE, 28.02.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың
өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына
сәйкес 2022 жылдың сәуір айында Биржада айналысқа жіберілген
акциялар, депозитарлық қолхаттар және инвестициялық қорлардың бағалы
қағаздарының өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының
тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздар тізімдері) қалыптастырды.
Бағалы қағаздардың тізімдері комитеттің индекстер мен индикаторлар
бойынша 2022 жылдың 24 наурызындағы шешімімен бекітілген және KASE
ішкі құжаттарының нормаларын олардағы бағалы қағаздарға қолдану
мақсатында қалыптастырылған.
2022 жылдың 01-30 сәуірі аралығында әрекет ететін өтімділіктің бірінші
класты бағалы қағаздар тізіміне 31 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген.
2022 жылдың наурызында құрылған өтімділіктің бірінші класты бағалы
қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда, тізімге мыналар кірді:
1) базалық активі "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ
KZ1C00001619 (KZAP) жай акциялары болып табылатын US63253R2013
("туынды бағалы қағаздар" секторы, KZAP) жаһандық депозитарлық
қолхаттары;
2) American Airlines US02376R1023 жай акциялары ("KASE Global" секторы,
AAL_KZ);
3) "KM GOLD" АҚ жай акциялар KZ1C00001254 (KASE баламалы алаңы,
"акции" секторы);
4) Pfizer Inc. US7170811035 (сектор "KASE Global", PFE_KZ) жай акциялары;
5) Exxon Mobil Corporation US30231G1022 (сектор "KASE Global", XOM_KZ)
жай акциялары;
6) "First Heartland Jusan Invest"АҚ басқаруындағы "allEM" ИПИҚ
KZPF00000140 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы,
FHJIpc) пайлары.
2022 жылдың наурыз айына қалыптастырылған өтімділіктің бірінші кластағы
тізімінен шығарылды:
1) Ford Motor Company US3453708600 (сектор "KASE Global", F_KZ) жай
акциялары;
2) The Coca-Cola Company US1912161007 (сектор "KASE Global", KO_KZ)
жай акциялары;
3) Meta Platforms, Inc. US30303M1027 (сектор "KASE Global", FB_KZ) жай
акциялары;
4) Microsoft Corporation US5949181045 (сектор "KASE Global", MSFT_KZ)
жай акциялары;
5) AT&T Inc. US00206R1023 (сектор "KASE Global", T_KZ) жай акциялары;
6) "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ KZ0009089736 (KASE негізгі сауда-саттық
алаңы, "стандарт" санаты, MMGZp) артықшылықты акциялары.
Естеріңізге сала кетейік, өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
сыныптарының Бағалы қағаздарының тізімі сауда-саттықтары KASE
ашылған бағалы қағаздар қатарынан қалыптасады. Бағалы қағаздар тізіміне
сауда-саттықтары ашылмаған немесе тоқтатыла тұрған бағалы қағаздар
енгізілмеген
2022 жылдың сәуір айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
кластарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2022_apr.pdf сілтеме бойынша
жарияланды.
2022 жылдың наурыз айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші
сыныптарының бағалы қағаздарының тізімі KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/files/normative_base/liquid_2022_mar.pdf сілтеме бойынша
жарияланды
Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі
http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid_kaz.pdf сілтеме бойынша
жарияланған.
[2022-03-28]